Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (38)

"Күз + сезім"

Сол ағаштар, сол дала өзгермеді,
Қай құдірет тап қылды сізге мені?
Суық күнде жүрекке жылу беріп,
Өзіңізбен махаббат күзде келді.

Толық

Білесің бе?

Білесің бе өмірдің қиындығын?
Сыйын бүгін, Аллаға сыйын күнім!
Мейірімді ол-сұрасаң кешіреді,
Көп болса да, күналар жиынтығын

Толық

Алтын балыққа тілек

Алтын балық дәметкен қармақтай
Бақытымды іздеп жүрмін бармақтай.
Адасамын, теңселемін сол жолда,
Жел ығымен жүре тұғын қаңбақтай.

Толық

Жайық үні

Жайық жайлы жазайыншы бірер жыр,
Дерті оның асықынғандай үдеп тұр.
Қазағымның бәрі бірге алаңдап,
Арнасының толғандығын тілеп жүр.

Толық

"Сен жүрегімнің..."

Сен менің кеудемдегі тұмарымсың.
Жарық қылар жалғанды шырағымсың.
Өзгелергелерге ешқашан сәйкеспейтін,
Жүрегімнің жалғыз ғана сыңарысың.

Толық

"Қашықтағы ғашығым"

Тұтқынына айналып сағыныштың,
Саған қарай келеді алып ұшқым.
Қол ұстасып отырсам құшағында,
Түсім екен мен тағы жаңылыстым.

Толық

Көп күрсінбе

Көп күрсінбе жарығым,неге "МЕН" деп?
Сұрағына жауап берем шегелеп кеп,
Барлық адам тұрады сәтсіздіктен,
Керек емес ренжіп өкпелеп тек.

Толық

Ғашықпын

Шүкір Алла өзіне жолықтырған,
Нәр бердің ғой сезімге солып тұрған.
Махаббатсыз дүние бос деген сөзді,
Жарқыным-ау өзінсің шын ұқтырған.

Толық

Көкек ананы кешіру

Апа сені көрдім ғой бірінші рет,
Айыптысың сондықтан түрің сүмек.
Жылағанда жанымда болмап едің,
Қарсы алдыңда отырмын күлімсіреп.

Толық

Тағдыр

Мына тағдыр аямас ешкімді де,
Қарамайды ақшаңа, кескініңе.
Өмірге өкпе артып жүре бермей,
Бақытынды бағала бес күніңде!

Толық

Оны ойласам

Бұл әлем махаббатқа айналғандай,
Көңілім әлдекімге байланғандай.
Оны ойласам жүрегім қатты соғып,
Өз-өзімнен кетемін жай таба алмай.

Толық

Карантин

Мына вирус талайдың жанын жұтты кеп,
Індетін келді, бәріде бітті, бітті деп.
Дүрлігеміз ау, қорқамыз-ау қорқамыз,
Ана қаладан мына қаладан шықты деп.

Толық

Хайп қуғандарға

Интернетпен талай жүр бағын ашып,
Көрсем болды аяймын жаным ашып.
Ұлтты бұзып барады ұялмастан,
Хайп үшін шешініп тәнің ашып.

Толық

Енді мені ойлама қайтарам деп

Бұзылғандай сертіннің тас қамалы,
Жанарыңнан еріксіз жас тамады.
Өзге жанға сыйлап ен жүрегінді,
Менде енді сыйлаймын басқа адамды!

Толық

Ей, жүрегім

Ей жүрегім, тұрмысың сезіп мұны.
Тағдыр мені кімдерге кезіктірді?
Бағаламай отырғанда бақытымды,
Бақытсыздар жөн сілтеп кезіп тұрды.

Толық

Көздерімнен көрінгенде

Көздерімнен көрінгенде сәуле нұр,
Үнілуін, сыр іздеуін әуре құр.
Жанарымның жасықтығы жасырып,
Қалдырады шарасыздық қалде бір.

Толық

Мендік сезім

Мендік сезім сенікінен бөлек шығар,
Бірақ оны өшіру керек шығар.
Өзге жанға қарамай жүргеніме,
Сені қатты сүйгенім себеп шығар.

Толық

Сынағыштарға

Мейлі мұң кеп тоқтамай тамшыласын,
Еңсемді езіп бәрі де жаншыласын.
Мен ешқашан бетімнен қайтпаймын ғой,
Алғанымша өмірдің қанжығасын.

Толық

Өзгешемін

Өзгешемін шынымен басқалардан,
Себебі өз-өзімді басқара алам.
Мың ойланып, сан толғанып жүргеннен соң,
Баспай әлі келемін басқа қадам .

Толық

Қаламаймын

Уақытым ғой жалындар жастай жанып,
Қайдағыны отырмын босқа ойланып.
Махаббаттан қашқақтап жүретіндей,
Нәзік жаным кеткен бе тасқа айналып?

Толық